Алматыдағы оқыс оқиға: Шатырдан емес, 12-қабаттан секірген

11:46, 5 желтоқсан 2019

Полиция "Нұрлы Тау" бизнес орталығында болған оқыс оқиғаға қатысты ақпарат таратты, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қаласы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір марқұмның жеке басы анықталған. Ол 1971 жылы туған ер адам. Алдын ала келтірілген деректер бойынша, ол бизнес-орталықтың 12-қабатындағы кіреберіс терезеден секіріп кеткен. Қайғылы оқиға орнында Бостандық аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Ер адамның мұндай қадамға неге барғаны әлі анықталып жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!