Алматыдағы автопарктердің бірінен катализаторсыз автобустар анықталды
© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда автокөлік шығарындыларына жүргізілген мониторинг аясында №3 коммуналдық автобус паркі тексерілді. Бұл туралы "Eco Almaty" ЖШС өкілдері айтты.
Кәсіпорын мамандарының мәліметінше, автопаркте 289 автобус тіркелген, оның 40-ы жөндеуде тұр. Тексеру барысында мамандар 249 көлікті тексерді.
Соның нәтижесінде 50 автобуста пайдаланылған газдарды тазартуға арналған негізгі құрылғы – катализатордың жоқ екені белгілі болды.
Мониторинг атмосфералық ауаны қорғау талаптарын жүзеге асыру мақсатында өткізіліп отыр. Оның басты міндеті – қаладағы негізгі ластаушы көздердің бірі саналатын автокөлік шығарындыларын азайту.
Экологиялық талаптардың сақталуын бақылау тұрақты негізде жүргізілетінін атап өткен жөн. Мәселен, Экология департаменті бірқатар автокөлік кәсіпорнына қатысты жоспардан тыс тексеру өткізді. "NEO City TRANS" ЖШС мен "TALAP T" ЖШС автобус парктерінде жүргізілген өлшеу нәтижелері кейбір көліктерде зиянды шығарындылардың белгіленген нормадан асып кеткенін көрсетті.
Анықталған заңбұзушылықтарға байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 333 және 334-баптары бойынша әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, жалпы сомасы 13,3 млн теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар кәсіпорындарға кемшіліктерді жою жөнінде тиісті нұсқамалар берілді.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:04, 6 мамыр 2026
Құрылыс алаңында мүгедек болып қалған студент: жұмыс беруші еңбек заңнамасын өрескел бұзған
-
11:58, 6 мамыр 2026
Парламент жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңды қабылдады
-
11:47, 6 мамыр 2026
Бәрі де Жеңіс үшін еді: Шымкенттік тыл еңбеккері соғыс жылдарындағы күндерді еске алды
-
11:39, 6 мамыр 2026
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
-
11:21, 6 мамыр 2026
6 мамырдағы Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы валюта бағамдары





