Алматыда 1985 жылы салынған су құбырын жаңғырту жұмыстары аяқталды
© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының Самал шағын ауданында тұрақты әрі сапалы ауызсумен қамтамасыз ететін су құбыры желісінің толық жаңғырту жұмыстары аяқталды. Жаңартылған су жүйесі 25 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетеді. Бұл желі 13 мамыр күні іске қосылады.
Бұл күні сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін Медеу және Бостандық аудандарында суық сумен жабдықтау уақытша шектеледі. Су беру уақытша тоқтатылатын аймақтар:
- Медеу ауданы – Назарбаев даңғылы, Сәтбаев көшесі, Достық даңғылы және Жолдасбеков көшесінің шекарасында орналасқан аумақтар, соның ішінде Самал-1, Самал-2 және Самал-3 шағын аудандары;
- Бостандық ауданы – Померанцев көшесі, Ганди көшесі, Назарбаев және Әл-Фараби даңғылдарының арасындағы аймақтар.
Жаңғыртылған су құбыры "Алматы Су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының инвестициялық бағдарламасы аясында жүргізілді және бұл қаладағы су жүйесінің сенімділігін айтарлықтай арттырады.
Аталған су желілері алғаш рет 1985 жылы арнайы жүріп өту арнасы арқылы салынған – бұл технологиямен жасалған қаладағы жалғыз учаске. Жаңғырту жұмыстарына дейін құбырлардың тозу деңгейі 80%-дан асқан болатын. 2024 жылы ұзындығы 4,369 шақырым, диаметрі 300 мм болатын учаске толығымен ауыстырылды. Барлық жұмыс қазусыз, жол қозғалысын шектемей жүргізілді.
Жалпы, қалада инженерлік желілерді жаңғырту және реконструкциялау бойынша кешенді іс-шаралар қабылданып жатыр. Осылайша, қабылданып жатқан шаралар 2025 жылы сумен жабдықтау желілерінің тозуын 52,9%-ға, су бұруды 53,9%-ға, электрмен жабдықтауды 63,3%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
"Алматылықтарды уақытша келеңсіздіктерге түсіністікпен қарауға шақырамыз. Байланыс нөмірі: 274-66-66" "Алматы Су" МКК
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





