Алматыда 8 жыл бойы іздеуде болған қылмыскер ұсталды

15:01, 27 ақпан 2020

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 8 жыл халықаралық іздеуде болған 33 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ағымдағы жылдың 26 ақпанында Алматы қаласында ауыр қылмыс жасағаны үшін, атап айтқанда, жәбірленушінің өліміне әкеп соққан ауыр дене жарақатын қасақана келтіргені үшін (1997 жылы өзгертілген ҚК 103 бабының 3 бөлігі) шамамен 8 жыл халықаралық іздеуде болған 33 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны ұсталды.

Бүгінгі күні ұсталған тұлға Алматы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұлтартпау шарасы – "қамауда ұстау".

Еске салсақ, 2019 жылдың шілдесінде Қарағанды облысының прокуратурасымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке адамды іздестіру қайта тапсырылған болатын.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!