Алматыда жыл басынан бері магнит жұтып қойған 15 бала ауруханаға түсті
© Фото: akorda.kz
Алматыда балалардың магнитті шариктерді жұтып қою жағдайы әлі де тіркеліп жатыр. Жыл басынан бері осындай жағдаймен Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына 15 бала жеткізілген.
Бір ғана кезекшілік кезінде үш балаға шұғыл ота жасауға тура келген. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері хабарлады.
Алғашқы науқас – 2 жастағы бала. Ол ауруханаға ішінің ауырсынуына байланысты жеткізілген. Тексеру барысында дәрігерлер оның ағзасынан бөгде заттарды анықтады. Шұғыл жасалған ота кезінде хирургтер баланың ағзасынан 25 магнит алды.
"Үшінші бала сол кезекшілік кезінде таңға жуық, кезекшілік аяқталар тұста түсті. Жасы 4-ке де толмаған. Іші қатты ауырып, әлсіздік пен құсу белгілері байқалды. Тексеру барысында асқазан-ішек жолынан көптеген бөгде зат анықталды. Баланың аш ішегінен 59 магнит алып шыққан кезде мұндай жағдай дәрігерлердің өзін таңғалдырды. Медициналық көмекке жүгінген сәтте қауіпті заттар аш ішектің қабырғасын тесіп үлгерген. Бұл 1 тамыздағы кезекшілік кезінде жасалған ең күрделі оталардың бірі болды", – деді Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы қабылдау бөлімінің хирургі Айбол Сұлтанбеков.
Дәрігерлердің мәліметінше, жыл басынан бері орталыққа магнит жұтып қойған 15 бала жеткізілген. Мұндай жағдай аса қауіпті. Өйткені, бірнеше магнит ағза ішінде бір-біріне тартылып, ішкі ағзаларды зақымдап, ауыр асқынуға әкелуі мүмкін.
Дәрігерлер ата-аналарды магнитті шариктер мен осыған ұқсас ойыншықтарды кішкентай балалардың қолы жететін жерге қоймауға шақырады. Сондай-ақ, балалардың қандай заттармен ойнап жүргенін үнемі қадағалау қажеттігін ескертеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:46, 23 қазан 2026
«Гинекологқа да барғанмын»: қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады
-
21:32, 23 қазан 2026
-7 градусқа дейін аяз, қар мен боран: Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды
-
21:09, 23 қазан 2026
Еркін Оқасов United World Wrestling Бюросының мүшесі болып сайланды
-
20:49, 23 қазан 2026
«Тісі жоқ болғандықтан ұялған»: сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді
-
20:37, 23 қазан 2026
Ненад Лалович Біріккен күрес әлемінің президенті болып қайта сайланды






