Алматыда жол апатынан жолаушы қайтыс болды

14:53, 14 сәуір 2025

© Сурет: Zakon.kz

Алматының Алатау ауданында 14 сәуір күні таңертең жол апаты болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Ұлжан 1 шағынауданында, Тәкежанов көшесінде болған. Zakon.kz тілшісінің айтуынша, Mercedes-Benz E-Класс көлігі солтүстік бағытта жоғары жылдамдықпен қозғалып келе жатқан.

Сурет: Zakon.kz

Қиылысқа жақындаған сәтте көлік жылдамдығын күрт баяулатқан. Мұны 50-60 м-ге дейін созылған көлік дөңгелектерің тас жолда қалған ізінен байқауға болады.

Сурет: Zakon.kz

Осылайша, көлік тоқтай алмай жол жиектемесіне соғылған. Артынша аударылған. Апат салдарынан Mercedes жүргізушісі жарақат алды. Ал, көліктің жолаушысы жедел жәрдем келгенге дейін есін біліп жатқан, алайда медқызметкелер оның оқиға орнында өлімін тіркеді.

Сурет: Zakon.kz

Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші мас күйде көлік басқарған. Сондай-ақ, көліктің алдынғы орындығынан ішімдіктің бөтелкелері, нан мен шұжық табылған. Зардап шеккен жүргізуші мен қаза тапқан жолаушының денесін көлік астынан құтқару қызметі алып шыққан.

Сурет: Zakon.kz

Қазір оқиға орнында жол полициясы, анықтаушы мен криминалист жұмыс істеуде.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!