Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі
© Сурет: pexels
Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осылайша, 9 маусым, сағат 07:00-ден 10 маусым, сағат 07:00-ге дейін Мақатаев көшесінен №49 үйге дейінгі учаскеде көлік қозғалысы толықтай жабылады.
"Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту жол белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген ақпараттық тақта орнатылады. Көлік иелеріне жол жүру бағытыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз", делінген хабарламада.
Бұған дейін Алматыда кейбір жолдарға электросамокаттардың жүруіне тыйым салынғанын білдіретін белгілер орнатылғаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:12, 27 шілде 2026
U17 әлем чемпионаты: қазақстандық қос балуан жартылай финалға шықты
-
19:58, 27 шілде 2026
Шартты түрде сотталған павлодарлық әйел өтірігі үшін түрмеге тоғытылды
-
19:51, 27 шілде 2026
Самара – Шымкент тас жолында BMW мен жүк көлігі соқтығысып, екі адам қаза тапты
-
19:36, 27 шілде 2026
Алматыда 28 шілдеден бастап бірнеше автобустың жүріс бағыты өзгереді
-
18:41, 27 шілде 2026
Қазақстанның танымал демалыс орындарының бірінен шу шықты






