Алматыда жер сілкінісінің жиілеп кетуіне байланысты сейсмологтар мәлімдеме жасады

16:54, 20 қаңтар 2020

Алматы облысының таулары мен Қытайдың батысында сейсмикалық белсенділіктің жоғарлауына байланысты Алматыда қатты жер сілкінісі болу қаупі бар-жоқтығына қатысты сейсмологтар өз пікірін білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Соңғы бірнеше күнде Алматы тұрғындары 3-4 балға дейінгі жер сілкінісін сезді, олардың көпшілігінің ошағы Қытайда орналасқан (Қашғар таулары). 20 қаңтарда таңертең Текеліде жер сілкінісі болды, сейсмологтар мұны да жер асты дүмпуінің кезекті белгісі деп санайды. Азаматтар жиіліп кеткен жер асты толқыны мегаполиске қауіп төндіретін неғұрлым күшті жер сілкінісіне әсер беруші күш болып жүрмесін деп алаңдаулы.

Алматы облысы - Орталық Азиядағы ең жоғары сейсмикалық аумақ. Алматыда бірнеше рет қатты жер сілкінісі болған да. Сейсмологтар бұл жерде жер сілкінісі болғанын және оның алда бола беретінін де еске салды.

Дегенмен, қазақстандық сейсмологтар дүрбелеңге салынуға себеп жоқ деп сендіреді.

"Бүгін таңертең Текелі аймағында жер сілкінісі болды, бірақ күші әлсіз. Біз мұндай жер сілкіністерін жылда тіркелетіндердің санатына жатқызамыз. Қуаты 3-4 балл болды, Алматыға жеткен жоқ. Текелі жоғары сейсмикалық аймақта орналасқан. Бұл аймақ қазір сейсмикалық белсенділік жүріп жатыр. Бұл жер сілкіністері халық арасында дүрбелең туғызбауы тиіс", – деді ғылыми қызметкер, аймақтық сейсмология зертханасының меңгерушісі Алла Садықова.

Ұзақ мерзімді болжамдарға келер болсақ, жыл сайын экспедиция әртүрлі деңгейдегі 12 мыңға дейін жер сілкінісін талдап, тексереді.

"Егер жер сілкінісі ошағы картасын көрсеңіз, онда мұндай оқиғалардың толы екендігіне көз жеткізесіз. Мұнда әлсіз және күшті сейсмикалық сілкіністер үнемі болып тұрады. Жыл басынан бері Қазақстанда, біздің аумақта қатты жер сілкінісі болған жоқ", - деді Садықова.

Ғалымдардың айтуы бойынша, мұнда күшті жер сілкіністері араға 100-140 жыл салып, қайталанады, Вернен және Кемин жер сілкіністерінен бері 130 жылдан астам уақыт өтіпті, одан бері қатты жер сілкінісі болмаған.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде олар күшті жер сілкінісі салдарын жою үшін жедел шаралар қабылдауға дайын екендіктерін, сонымен қатар үнемі сейсмикалық жаттығулар жүргізіп отыратындарын айтты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!