Алматыда 16 жасар жасөспірім қаза болды
© Фото: pexels
Қазнетте Алматыда 16 жастағы жасөспірімнің қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл мәліметті растады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желілерде тараған деректерге сәйкес, оқиға 2026 жылғы 27 қаңтарда Розыбакиев – Сәтпаев көшелері ауданында болған. Куәгерлердің айтуынша, жасөспірім өзіне қол салар алдында, хат қалдырған.
"Полиция департаменті оқиға бойынша Бостандық ауданында қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Оқиғаның нақты мән-жайы анықталуда", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2026 жылғы 22 қаңтарда Қаскелен қаласындағы Қаныш Сәтпаев атындағы №47 орта мектепте 9-шы сынып оқушысы сабақ арасындағы үзілісте кенеттен ауыр халге түскен.
Мектеп әкімшілігі дереу жедел жәрдем шақырғанымен, жүргізілген медициналық және реанимациялық шараларға қарамастан, бала оқиға орнында қаза болған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:54, 29 қаңтар 2026
Коррекциялық кабинеттер мен аутизм орталықтарына қолдау күшейеді
-
12:48, 29 қаңтар 2026
Руслан Желдібай қызметтен кетуіне қатысты мәлімдеме жасады
-
12:39, 29 қаңтар 2026
Жапонияда мұсылман туристер үшін намаз оқитын орындар ашылуда
-
12:30, 29 қаңтар 2026
Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасын қабылдады
-
12:25, 29 қаңтар 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдардың міндеттерін кеңейтті





