Алматыда жалған құжатпен қоғамдық көлікті басқарған жүргізуші анықталды

11:46, 7 тамыз 2022

© Сурет: Zakon.kz

№ 85-бағыттағы қоғамдық көліктің тізгініндегі құқық бұзушы автовокзал маңындағы аялдамада ұсталды. Көлікті тоқтатқан сәтте ішінде 40-тан астам жолаушы болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуезов аудандық полиция басқармасында жалған құжат жасау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жүргізушіге және жүргізушінің жұмысы мен құжаттарын дұрыс қадағаламаған автопарк басшылығына қатысты әкімшілік шара қолданылды. Қоғамдық көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды, – деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Дәулет Сейітқұлов.

Полицейлер Алматыда 2022 жылдың 19 шілдесі мен 18 тамызы аралығында жол-көлік оқиғаларының және оның зардаптарының ауырлығын алдын алуға және азайтуға бағытталған “Қауіпсіз жол” республикалық айлығы өтіп жатқанын еске салды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!