Алматыда үй өртеніп, 1 газ баллоны шығарылды

17:26, 16 қаңтар 2018

Алматыда өртке оранған үйден өрт сөндірушілер 1 газ баллонын алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдай Науаи 153 мекенжайында болды. Абырой болғанда, өрт тұтанғанда үйде ешкім болмаған. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер жапсарлас тұрған екі үйді аман сақтап қалды.

Тілсіз жау 150 шаршы метр аумақты шарпыды. Қазір полиция қызметкерлері жолды жауып, көліктерді қауіпсіз жерге жылжытып жатыр.

Алдын ала анықтау бойынша өрт қысқа тұйықталудан шыққан.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!