Алматыда түнгі клуб маңында болған жаппай төбелес видеоға түсіп қалған

11:11, 28 қыркүйек 2020

Алматыда болған жаппай төбелес видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды zakon.kz.

Оқиға жұмадан сенбіге қараған түні болған.

Бұл бар - Туысқан деп аталады (Достық - Қабанбай батыр қиылысындағы), іші тола кісі, қызу жұмыс жүріп жатыр. Төбелес жұмадан сенбіге қараған түні болды. Шамамен 30-35 адам төбелесті, - делінген видео астына жазылған бір пікірде.

Алматы қалалық полициясы бұл фактіге байланысты өздеріне ешкім хабарласпағанын айтты.

- Бұл факт бойынша "102" басқару пультіне және облыстық ішкі істер департаментіне ешкім хабар берген жоқ, ешкім арызданбады. Әлеуметтік желілерден белгілі болған бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Жағдай анықталып жатыр, деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!