Алматыда түнгі клуб аспазы «есірткі сатты» деген күдікпен ұсталды
© Сурет: polisia.kz
Алматыда жүргізілген арнайы операция барысында қаланың ойын-сауық орындарының бірінде ас үй қызметкері есірткі заттарын таратты деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұстау шаралары жұмыс орнында жүргізілді. Санкцияланған жеке тінту барысында күдіктіден ұнтақ тәрізді заттар мен өзіне тән иісі бар өсімдік тектес масса тәркіленді. Аталған заттар психотроптық және есірткі құралдары болуы мүмкін деген болжаммен сараптамаға жолданды, деп хабалайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Күдікті ұсталғаннан кейін полиция қызметкерлері оның тұрғылықты мекенжайы бойынша қосымша тінту шараларын жүргізді.
"Біз есірткі қылмыстарын анықтау және жолын кесу бағытында, әсіресе адамдар көп жиналатын демалыс орындарында қатаң әрі жүйелі шаралар қабылдап келеміз. Негізгі мақсат — есірткінің таралуына жол бермеу және мегаполис тұрғындарын, ең алдымен жастарды қорғау", деп мәлімдеді Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.
Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Полиция есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар арналар мен тұлғаларды анықтау бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:05, 15 қыркүйек 2026
Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр, найзағай және екпінді желге байланысты ескерту жасалды
-
19:50, 15 қыркүйек 2026
Қазақстандық әйел бес жыл бойы балаларына түрмеде отырғанын жасырып, «іссапарда жүрмін» деп келген
-
19:46, 15 қыркүйек 2026
«Сұмдық кептеліс» Астанадағы қозғалысты тұралатып тастады: тұрғындар жұмысқа жаппай жаяу барды
-
19:40, 15 қыркүйек 2026
Ай мен Шолпан Көк Төбе төрінде: Алматы аспанындағы ғажайып көрініс
-
19:20, 15 қыркүйек 2026
Демалысы тозаққа айналды: қазақстандық әйел төлқұжатындағы қателік салдарынан елден шыға алмады





