Алматыда түн ортасында ауыр жол апаты болды: мотоцикл мінген екі адам зардап шекті
© Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласында 7 шілдеге қараған түні Сейфуллин даңғылы мен Никитин көшесінің қиылысында, Forum сауда орталығының маңында жеңіл автокөлік пен мотоцикл соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Zakon.kz тілшісінің мәліметінше, BYD маркалы автокөлік Сейфуллин даңғылымен солтүстік бағытта келе жатқан.
Қиылысқа жеткен кезде жүргізуші Никитин көшесіне солға бұрылмақ болған. Дәл осы сәтте Сейфуллин даңғылымен оған қарсы бағытта, яғни оңтүстікке қарай Honda маркалы мотоцикл келе жатқан.
Мотоциклде екі адам болған. Олар соқтығысудың алдын ала алмай, мотоцикл жоғары жылдамдықпен автокөлікке барып соғылған.
Соққының қатты болғаны соншалық, мотоцикл жүргізушісі мен жолаушысы ұшып кеткен.
Ал BYD жүргізушісі көлікті бірден тоқтата алмаған. Автокөлік қозғалысын жалғастырып, жол жиегіндегі бордюрге соғылған. Салдарынан көлік жолдан шығып кетуге шақ қалып, жаяу жүргіншілер жолағына және жарнамалық билбордқа соғылудың аз-ақ алдында тоқтаған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоциклдегі екі адам да түрлі дене жарақатын алды.
Мотоцикл жүргізушісінің жағдайы өте ауыр екені хабарланды. Ол жолаушысымен бірге оқиға орнынан ауруханаға жеткізілді.
Ал жеңіл автокөлік жүргізушісі зардап шеккен жоқ.
Бұған дейін Алматыда 19 жастағы қыздың үстіне ағаш құлап, комаға түскенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:15, 7 шілде 2026
Қазақстан бензин мен дизель отынын экспорттауға салынған тыйымды тағы алты айға ұзартпақ
-
11:06, 7 шілде 2026
Альпинист әйгілі Эльбрус шыңына көтерілер жолда қаза тапты
-
10:52, 7 шілде 2026
Зиянды өндірісте жұмыс істейтіндерге сүт пен емдік тағам беру қағидалары жаңартылды
-
10:44, 7 шілде 2026
Кубада энергетикалық дағдарыс: ел түгелдей жарықсыз қалды
-
10:35, 7 шілде 2026
Қазақстаннан Үрімші мен Ыстықкөлге жаңа әуе бағыттары ашылды












