Қазақстандағы үш күндік рейд: мыңдаған жасөспірім полицияға жеткізілді
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстанда үш күнге созылған профилактикалық рейдтер барысында 4 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2026 жылғы 1-3 шілде аралығында Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында, Абай және Ұлытау облыстарында ауқымды профилактикалық іс-шаралар өтті.
Шаралардың негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Рейдтерге шамамен 3 мың полиция қызметкері жұмылдырылды.
Нәтижесінде полиция бөлімшелеріне 2400-ден астам кәмелетке толмаған жеткізілді. Оның ішінде:
- 1 500-ден астамы – әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін;
- 1 000-ы – қараусыз және қадағалаусыз жүргені үшін.
Сонымен қатар іс-шаралар барысында 4 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда:
- 257 ата-ана балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды;
- 1500-ге жуық ата-ана кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта көшеде немесе ойын-сауық орындарында жүргені үшін жауапкершілікке тартылды.
Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады.
"Құрметті ата-аналар! Балалардың қауіпсіздігі – ең алдымен отбасының жауапкершілігі. Жазғы демалыс кезінде балаларыңыздың немен айналысып жүргеніне ерекше көңіл бөліп, олардың қайда екенін, кімдермен араласатынын және бос уақытын қалай өткізетінін бақылауда ұстауларыңызды сұраймыз", – делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:41, 6 шілде 2026
Қазақстанда қайтадан 41 градусқа дейінгі аптап ыстық болады
-
13:20, 6 шілде 2026
Алматыда тұрғындар күдікті ер адамды ұстап, полицияға тапсырды
-
12:11, 6 шілде 2026
Көлсайда жылан шаққан 16 жастағы қыз ауруханаға жеткізілді
-
11:56, 6 шілде 2026
6 шілдеде Астана мен Алматыдағы валюта бағамы қандай
-
11:01, 6 шілде 2026
Дамир Жалғасбай жасөспірімдер арасындағы Уимблдон-2026 турнирінің екінші айналымына шықты





