Алматыда төрт автобустың бағыты өзгереді – тізім

09:42, 3 сәуір 2026

© Фото: Zakon.kz

2026 жылғы 3 сәуірден бастап Алматыда төрт автобус маршрутының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді. Шектеулер Жетісу ауданында су құбыры және кәріз желілерін салу жұмыстарына байланысты енгізіліп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жұмыстар Бессарабия, Осоавиахимова, Островский, Тобаяков, Герцен, Юмашев, Серов, Леваневский, Серафимович, Гастелло және Матросов көшелерін қамтиды.

Осыған байланысты қалалық Көлік холдингінің баспасөз қызметі 3 сәуірден бастап №51, №17, №32 және №123 маршруттарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгеретінін мәлімдеді.

№17

Солтүстік бағытта: Сейфуллин даңғылы – Жансүгіров көшесі – әрі қарай сызба бойынша.

Кері бағытта: Жансүгіров көшесі – Сейфуллин даңғылы – әрі қарай сызба бойынша.

№32

Солтүстік бағытта: Баянауыл көшесі – Жангелдин көшесі – Рысқұлов даңғылы – әрі қарай сызба бойынша.

Кері бағытта: Рысқұлов даңғылы – Жангелдин көшесі – Баянауыл көшесі – әрі қарай сызба бойынша.

№51

Солтүстік бағытта: Жангелдин көшесі – Рысқұлов даңғылы – әрі қарай сызба бойынша.

Кері бағытта: Рысқұлов даңғылы – Жангелдин көшесі – әрі қарай сызба бойынша.

№123

Солтүстік бағытта: Сейфуллин даңғылы – Жансүгіров көшесі – әрі қарай сызба бойынша.

Кері бағытта: Жансүгіров көшесі – Сейфуллин даңғылы – әрі қарай сызба бойынша.

Сондай-ақ бұған дейін 2026 жылғы 4 сәуірден бастап Алматыда №130 жаңа автобус маршруты іске қосылатыны хабарланған еді. Ол Бұқар Жырау бульвары бойымен қатынайды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!