Алматыда технологияның көмегімен апатты ағаштар анықталады
© Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Биыл қала әкімдігі қауіпті, шіріген және ескі жасыл желектерді уақытылы жою және анықтау үшін тиісті құрылғылар сатып алады. Жасыл қорды жаңартуға қаражат Алматы қаласының Даму жоспарына сәйкес бөлінбек.
Биыл, мысалы, қала тұрғындары мен олардың мүлкінің қауіпсіздігі үшін 17 мыңға жуық ағаш кесіледі. Өзегінің және тамырының шіруі салдарынан олар кез-келген уақытта өтіп бара жатқан адамдарға құлап кетуі мүмкін. Бірінші кезекте балабақшалар, мектептер, ауруханалар мен мемлекеттік мекемелердің жанындағы магистральдық көшелер қаралады. Ағаштарды кесу тізімі қалалық экология және қоршаған орта басқармасымен, сонымен бірге тұрғындар мен қоғам белсенділерінің өтініші бойынша жасалады.
Сонымен резистограф құрылғысы ағаштардағы шіріген жерін және ішкі ойықтарын анықтай алады. Ал импульстік томограф тамыр жүйесінің зақымдануын және ағаштың нақты күйі мен өміршеңдігін анықтайды. Құрылғылар апатты ағаштарды кесу процесінде өте тиімді, бұл кейіннен қаладағы жазатайым оқиғалардың алдын алуға, сонымен қатар қала инфрақұрылымы мен азаматтардың мүлкіне зиян келтірмеуге ықпал етеді.
"Биыл апатты ағаштарды кесуге 35-тен астам техника – автокөтергіштер, самосвалдар және 180-ден астам адам жұмылды. Ықтимал қауіпті ағаштарды анықтау кезінде институттардың ғылыми қызметкерлерін тарта отырып, талдау жүргізіледі. Технология жұмысты жеңілдетпек. Алматының жасыл қала атауын қайтару үшін жұмыс жоспарлы істеліп жатыр. Апатты ағаштар кесіліп, орнына 10 жас ағаш егіледі", - делінген Алматы әкімдігі хабарламасында.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:33, 16 желтоқсан 2025
Қызылордада алғаш рет бір күнде үш бүйрек ауыстырылды
-
22:21, 16 желтоқсан 2025
«Барыс» Ресейде «Автомобилисттен» басым түсті
-
21:53, 16 желтоқсан 2025
Мексикада Димаштың жанкүйерлері Қазақстанның Әнұранын айтты
-
21:39, 16 желтоқсан 2025
Астанада ертең оқушылар қашықтан оқиды
-
21:04, 16 желтоқсан 2025
Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы күрт бұзылады: үш күнге арналған болжам





