Алматыда танымал оңтүстіккореялық телешоу түсірілді
© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы Оңтүстік Кореядағы ең жоғары рейтингке ие жобалардың бірі "Менің кішкентай бойдақ жігітім" (SBS) телешоуының түсірілім алаңына айналды. Оңтүстік Кореяда миллиондаған көрермені бар бағдарлама апта сайын эфирге шығады.
Түсірілімге танымал корей актерлері Пэ Чон Нам, Ли Сон Мин, Ким Сон Гюн және Ким Чон Су қатысты. Бағдарлама Алматы қаласы мен өңірдің негізгі туристік нысандарында, атап айтқанда Көктөбеде, Шымбұлақта, Медеуде, Көк базарда, Көлсай көлдерінде және өзге де көрнекті орында түсірілді.
Алматыға арналған шығарылым 2026 жылы ақпан айының басында SBS телеарнасынан эфирге шығарылады деп жоспарланған.
"Мені бұл өңірдің Кореяда кездеспейтін кең тынысты, тосын табиғи көріністері ерекше қызықтырды. Алматы Кореядан алыс болмаса да, мұндағы табиғат мүлде бөлек әсер қалдырады. Бұл ауасы таза, қала өмірі мен табиғат бір-бірімен табиғи үйлесім тауып, астасып жатқан қала. Кореямен салыстырғанда, мұндағы табиғат әлдеқайда ауқымды әрі табиғи қалпы жақсы сақталғандай әсер сыйлайды", – деп жобаның режиссер-операторы Алматының өзіне ерекше әсер еткенін жеткізді.
Алматыда түсірілім тобына Almaty Tourism Bureau командасы қолдау көрсетіп, ұйымдастыру жұмыстарын қамтамасыз етті. Жоба халықаралық деңгейдегі маңызды ақпараттық оқиғаға айналып, шетелдік аудиторияның Алматының туристік әлеуетіне деген қызығушылығын арттырды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:35, 17 наурыз 2026
Қазақстан тректегі велоспорттан Азия чемпионатында өнер көрсетеді
-
21:53, 17 наурыз 2026
Грузиядағы Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды
-
21:11, 17 наурыз 2026
Қостанай облысында әйеліне от қойған ер адам 5 жылға сотталды
-
20:35, 17 наурыз 2026
Атырау облысында отбасының өлімі: ІІМ жаңа мәліметтерді жариялады
-
20:14, 17 наурыз 2026
Сәрсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды





