Алматыда такси бір жылда 29% қымбаттаған
© Фото: pexels
Алматыда соңғы бір жылда такси қызметі 29 пайызға қымбаттаған. Жолаушы әр шақырым үшін 320 теңге төлейді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлемдік Numbeo мәліметтер орталығының дерегінше, бұл – ТМД елдері арасындағы ең қымбат тариф. Алайда, такси бағасына сай қызмет көрсетпейді.
Халықтың пікіріне таксопарк өкілдерінің айтар уәжі бар. Бағаны ауа райына қарай жүйенің өзі реттейді. Ал көліктер маркасы мен жылына байланысты санатқа бөлінеді, деп жазады qazaqstan.tv.
"Клиенттердің арасында кейбір жағдайда машинаның таза еместігі, жүргізушілердің тәртібіне байланысты көптеген ескерту, шағым түсіп жатыр. Әркім өзінің машинасымен жеке жүреді ғой, оны таксопарктер қадағалап отыра алмайды. Таксопарктерге әркім өзі онлайн тіркеледі, ол жерде құжат ештеңе тексерілмейді." Мейірбек Абдолла, таксопарк өкілі
Такси қызметінің құны неге жыл сайын өсіп барады? Бензин бағасының өсуі, доллар көтерілуінен өзге тағы қандай факторлар әсер етеді? Экономист Бауыржан Ысқақ бұған бәсекеге қабілетті отандық стартап жобаның болмауының да ықпалы бар, — дейді.
"Салық заңдылығында такси қызметтерін көрсететін, IT компанияларға жеңілдіктер қарастырылмаған. Бәсекеге қабілетті болуы үшін осы салада жұмыс жасайтын кәсіпорындарға банктік тарапынан да жеңілдетілген несиелер берілуі керек. Біз бір монополиялық нарықтың құрсауында қалмауы үшін, мемлекет өзі кірісуі керек." Бауыржан Ысқақ, экономист
Расымен де, қазір жолаушы тасымалы нарығының шамамен 95 пайызы – ірі ойыншылардың қолында.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:29, 27 қараша 2024
27 қарашадағы Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары
-
11:17, 27 қараша 2024
«Моана 2» сенсация жасап, туындының маори тіліндегі нұсқасын шығарды
-
11:04, 27 қараша 2024
Алаяқтар телефон қоңыраулары арқылы әйелдің 800 мың теңге қаражатын қолды қылған
-
10:54, 27 қараша 2024
ШҚО-да полиция 20-дан астам мас жүргізушіні анықтады
-
10:43, 27 қараша 2024
Өзбекстанда ер адам әйелін, жаңа туған қызын өлтіріп, артынша өз-өзіне қол жұмсаған