Алаяқтар телефон қоңыраулары арқылы әйелдің 800 мың теңге қаражатын қолды қылған
© Фото: Zakon.kz
Ақмола облысының тұрғыны алаяқтардың кезекті құрбаны болды. "Қауіпсіздік қызметі" деген жалған жалауды көтеріп әйелді алаяқтар 800 мың теңгеге тонап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция мәліметінше, алаяқтар әйелге телефон нөмірінің мерзімі бітті деген сылтаумен ауыстыруды ұсынған. Жәбірленуше болса, еш күдіктенбестен SMS арқылы алған кодын айтқан. Алайда, алаяқтар мұнымен шектеліп қалмады және өздерін банк қауіпсіздігі қызметкерлері ретінде көрсете отырып, қоңырау шалуды жалғастырды.
Телефон арқылы байланыста қаскөйлер әйелді әбден шатастырып, қорқытып, оған 500 мың теңге несие рәсімдеумен қатар, жинағындағы 300 мың теңгені аударғызған.
Құқық қорғау органдары азаматтарға бейтаныс абоненттермен қарым-қатынас кезінде қырағылықтың маңыздылығын еске салады. Полицейлер SMS-хабарламалардан және жеке мәліметтерден кодтарды үшінші тұлғаларға бермеуді, сондай-ақ бейтаныс адамдардан кез келген нұсқауларды орындау кезінде абай болуды сұрайды.
Бұған дейін Астанада құны бір бөлмелі пәтерге тең қол сағаты ұрланғаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:32, 27 қараша 2024
Қошанов ҰЭМ басшысына бюджеттік нақтылауға қатысты ескерту жасады: Тура бір ерлік жасағандай
-
13:20, 27 қараша 2024
Таразда жолда апаттық жағдай тудырған куәлігі жоқ жүргізуші 3 тәулікке қамалды
-
13:10, 27 қараша 2024
Түркістан облысында заңсыз көші-қонмен айналысқан адамдар тобы ұсталды
-
12:57, 27 қараша 2024
Мәжіліс үш жылдық бюджет жобасына түзетулерді қабылдады
-
12:47, 27 қараша 2024
12 мыңнан астам қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды