Алматыда соты болып жатқан Қуат Хамитов Ресейде жүр

Алматыда сот процесі өтіп жатқан қазақстандық файтер Қуат Хамитов Ресейде жүр, деп хабарлайды zakon.kz.
Ол жұма күні - 22 қаңтарда спортшы Магнитогорсте өтетін AMC Fight Nights турниірнде ресейлік Алексей Ильенкомен жекпе-жекке шығады.
"Салмақ қуа бастадық", - деп жазыпты Хамитов Instagram желісінде, Магнитогорсктегі жаттығу залында суретке түсіп.
Айта кетсек, 20 қаңтарда сот отырысы болмады, өйткені Қуат Хамитов отырысқа қатыспады. Адвокаттың айтуынша, бұған Қуат Хамитовта интернет байланысының өте нашар болуы себеп. Осыған байланысты адвокат сот отырысын кейінге қалдыруды сұрады. Оны прокурор қолдап, басты күдіктінің қатысуынсыз процесті жүргізудің мағынасы жоқ екенін атап өтті.
Нәтижесінде судья сот отырысын кейінге қалдырды, оның мерзімі кейінірек белгілі болады.
Сот отырысы 18 қаңтарда басталды. Қуат Хамитов Республика Қылмыстық кодексінің 272-бабының 3-бөлігі, яғни "Мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртіпсіздікке шақыру немесе арандату, сондай-ақ азаматтарға зорлық-зомбылық көрсетуге шақыру" бойынша айыпталуда.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:17, 5 наурыз 2021
2021 жылы Қазақстан 86 млн тонна мұнай өндіруі мүмкін
-
10:17, 5 наурыз 2021
Мемлекеттік комиссия кәсіпкерлерді қолдаудың шұғыл шаралар топтамасын мақұлдады
-
10:06, 5 наурыз 2021
Экономист: Түркияға қазақтармен бірге ақша да "көшіп" жатыр
-
10:06, 5 наурыз 2021
Шымкент оқушылары мен студенттері "Төлем" картасына телеграм арқылы өтініш бере алады
-
09:49, 5 наурыз 2021
ШҚО-да сотталғандар арасында "Анаға хат" шығармашылық сайысы өтті
Пікір