Алматыда шығыс айналма жолының бір бөлігі уақытша жабылады

17:45, 6 шілде 2022

© Сурет: Zakon.kz

Алматы қаласы қалалық мобилділік басқармасы жолдарды орташа жөндеу жұмысы жоспарланғанын хабарлады, деп мәлімдейді Zakon.kz.

6 шілде сағат 21:00-ден 7 шілде сағат 07:00-ге дейін жол жөндеуге байланысты Шығыс айналма жолында Жарбұлақ өзенінен Төле би көшесіне дейінгі қозғалыс түнде уақытша жабылады.Алматы қаласы қалалық мобилділік басқармасы

Басқарма қолайсыздық үшін кешірім сұрап, бағытты алдын ала түзетуді ескертті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!