Алматыда салынып жатқан құрылыс нысандарының интерактивті картасы іске қосылды

17:36, 22 шілде 2021

© Сурет: gov.kz

Барлық ірі құрылыс нысандары картаға енгізілген, болашақта ол толықтырылып отыратын болады, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қаласының Қалалық жобалау және урбанистика басқармасының бастығы Алмасхан Ахметжанов атап өткендей, құзырлы ведомства көлеміне қарамастан барлық құрылыс нысандарын картаға енгізуді жоспарлап отыр.

- Біз бұл деректерді тіркеп, оларды көпшілікке қолжетімді еткіміз келеді, сонда тұрғындар қала аумағының дамуы қалай жүріп жатқанын көріп, түсіне алады, - Алмасхан Ахметжанов.

Тұрғызылып жатқан нысандарды интерактивті картадан - building.uaig.kz сайтынан көруге болады.

Сонымен қатар, басқарма инвесторлардың қызметінде туындауы ықтимал қауіптер мен шектеулерді көруге мүмкіндік беретін аудандар бойынша халық тығыздығының картасын жасауға кірісті.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!