Алматыда +27°С-қа дейін ыстық болады, Астанада жаңбыр мен найзағай, Шымкентте – жазғы ауа райы
© Фото: Zakon.kz
"Қазгидромет" мамандары 2026 жылғы 4–6 сәуір аралығында елдің үш ірі қаласына ауа райы болжамын ұсынды. Оған сәйкес, алдағы күндері Алматыда күн жылынып, +27°С-қа дейін жетеді. Астанада жаңбыр мен найзағай күтілсе, Шымкентте жазға тән ауа райы орнайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана қаласы бойынша ауа райы
- 4 сәуір: Аспан ала бұлтты. Күннің соңына қарай жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел: оңтүстік-шығыстан, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 5–10 м/с, күндіз 9–14 м/с. Температура: түнде +5…+7°С, күндіз +17…+19°С.
- 5 сәуір: Аспан ала бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады, күндіз найзағай болады. Жел: солтүстік-батыстан 9–14 м/с, кейде 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Температура: түнде +5…+7°С, күндіз +12…+14°С.
- 6 сәуір: Аспан ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Жел: шығыс, оңтүстік-шығыс бағытта 3–8 м/с. Температура: түнде +1…+3°С, күндіз +15…+17°С.
Алматы қаласы бойынша ауа райы
- 4 сәуір: Аспан ала бұлтты, жауын-шашын жоқ. Жел: батыстан 3–8 м/с. Температура: түнде +12…+14°С, күндіз +25…+27°С.
- 5 сәуір: Аспан ала бұлтты, жауын-шашын жоқ. Жел: батыстан 3–8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с-қа дейін жетеді. Температура: түнде +13…+15°С, күндіз +23…+25°С.
- 6 сәуір: Аспан ала бұлтты, жауын-шашын жоқ. Жел: батыстан 3–8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с. Температура: түнде +13…+15°С, күндіз +24…+26°С.
Шымкент қаласы бойынша ауа райы
- 4 сәуір: Аспан ала бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады, екпінді жел (дауыл) күтіледі. Жел: солтүстік-шығыстан 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Температура: түнде +12…+14°С, күндіз +19…+21°С.
- 5 сәуір: Аспан ала бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай болады. Жел: оңтүстік-шығыстан 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Температура: түнде +10…+12°С, күндіз +20…+22°С.
- 6 сәуір: Аспан ала бұлтты, кей уақытта жаңбыр мен найзағай болады. Жел: оңтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Температура: түнде +11…+13°С, күндіз +27…+29°С.
Бұған дейін Қазақстан бойынша 2026 жылғы 4–6 сәуірге арналған үш күндік ауа райы болжамын ұсынғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:37, 3 сәуір 2026
Жезқазғанда көше ортасында жеңіл көлік отқа оранды
-
18:28, 3 сәуір 2026
Бокстан АЧ-2026: өзбекстандық қарсыласын жеңген Махмұд Сабырхан жартылай финалға өтті
-
18:21, 3 сәуір 2026
Еліміз бойынша 4 сәуірге арналған ауа райы болжамы
-
18:12, 3 сәуір 2026
«Қарияны тепкілеп, бетіне түркірген»: Қарағандыда атышулы іске қатысты сот үкімі шықты
-
17:57, 3 сәуір 2026
Төлқұжат, жеке куәлік, жүргізуші куәлігі және ЭЦҚ: Азаматтарға арналған үкімет мәлімдеме жасады





