Алматыда рөлде қалғып кеткен такси жүргізушісі жүк көлігінің астына кіріп кетті
© Сурет: Zakon.kz
7 тамыз күні таңертең Алматыдағы "Domillion" сауда орталығының қарсы бетінде рөлде қалғып кеткен такси жүргізушісі жол-көлік оқиғасына ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, Hyundai Sonata маркалы такси көлігі Саин даңғылымен солтүстік бағытта келе жатқан. Жүргізушінің айтуынша, ол бір сәтке ғана көзі ілініп кетіп, қатты соққыдан кейін ғана оянған.
Оқиға Domillion сауда орталығының маңында болған. Көлік жол жиегіне қарай шығып кетіп, сол жерде жол бойында тоқтап тұрған MAN маркалы жүк көлігінің тіркемесінің астына жоғары жылдамдықпен кіріп кеткен.
Соққыдан кейін Hyundai Sonata жолдың барлық жолағын кесіп өтіп, жол қоршауына соғылған.
Жол апатынан ең ауыр соққы алдыңғы жолаушылар орнында отырған әйелге тиген.
Көліктің ішінде қысылып қалған әйелді Алматы қаласының Құтқару қызметінің мамандары арнайы құралдардың көмегімен шығарып алды. Ол ауыр жарақат алған. Зардап шеккен әйел де, жүргізуші де дереу ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы болған жерде жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Бұған дейін 7 тамыздан бастап Алматыдан Таразға жету қиындай түсетіндігін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:10, 8 қыркүйек 2026
Дәрігерлерден 319 млн теңге ұрлап, оны брендтерге шашқан әйел түрмеге түспеді
-
14:02, 8 қыркүйек 2026
«Ештеңе істей алмадым»: Осака Рыбакинамен өткен матч туралы пікір білдірді
-
13:58, 8 қыркүйек 2026
110 млн теңге және 16 дроппер: Алматыда заңсыз казино желісі әшкереленді
-
13:46, 8 қыркүйек 2026
Уақыты келді – Оқу-ағарту министрлігі ата-аналар чатындағы қарым-қатынас тәртібін реттеуге дайын
-
13:38, 8 қыркүйек 2026
Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу-ағарту министрлігі ата-аналардың шағымын тексеріп жатыр










