Алматыда полицей көлігі мен мопедистің соқтығысып қалуы бейнежазбаға түсіп қалған
![](https://mail.kz/images/c46e0b9f6c3d690e64e3813712f16f58-slider.jpg)
© Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласының Жетісу ауданында полиция көлігі мен мопедистің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Апаттың егжей-тегжейі туралы Zakon.kz тілшісіне қалалық полицияның баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға орнынан түсірілген кадрларды куәгерлер жариялаған.
Қызметтік автокөлік жыпылықтайтын шамдармен бұрылған сәтте, мопед жүргізушісі автобус жолағында жоғары жылдамдықпен келіп соқтығысты.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі мопедист медициналық көмектен бас тартқанын мәлімдеді.
"Патрульдік полиция экипажы шұғыл шақыруға барар жолда белгіленген ережелерге сәйкес бұрылу маневрін жасады, алдын ала жыпылықтайтын шамдар мен СГУ-ны іске қосты. Жол қозғалысына қатысушылар полиция көлігіне қозғалыс артықшылығын берді. Алайда, қоғамдық көлікке арналған жолақпен жүретін мопед жүргізушісі Заңның талаптарын елемей, патрульдік машинамен соқтығысқан".Алматы ПД баспасөз қызметі
Сондай-ақ, оқиға фактісі тіркелгені атап өтілді.
"Chevrolet автокөлігінің жүргізушісі жауапқа тартылды. Өндіріс материалдары сотқа жіберіледі". Алматы ПД баспасөз қызметі
Еске сала кетейік, бір жыл бұрын, 2023 жылдың 3 сәуірінде осыған ұқсас оқиға орын алған. Алматыда мопедист полицейді қағып кетіп, оқиға орнынан жасырынуға тырысқан.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:56, 26 шілде 2024
Павлодарда автобус аялдамасы маңында бір бойжеткенді көлік қағып кетті
-
22:40, 26 шілде 2024
2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты ресми түрде басталды
-
22:25, 26 шілде 2024
Бай әзербайжанның үйінде қонақта болған қазақ блогері өз таңданысын жасыра алмады
-
22:25, 26 шілде 2024
Бай әзербайжанның үйінде қонақта болған қазақ блогері таңданысын жасыра алмады
-
21:50, 26 шілде 2024
«Аптап ыстық, қатты жел». Сенбіде еліміздің 17 облысында дауылды ескерту жарияланды