Алматыда пәтерді жалға берушілер жауапқа тартылды
© Фото: Zakon.kz
Полицияға Бостандық ауданының тұрғыны хабарласып, жоғары қабаттағы пәтер жалдаушылардың үстінен шағымданған.
Ер адамның айтуынша, көршілер қарапайым санитарлық нормалар мен тәртіпті сақтамайды. Кейде олардың самалдығынан темекі тұқылдары ғана емес, тұрмыстық қоқыс та ұшып кетеді.
"Мен учаскелік инспекторымыз Елдар Малғажыға көмек сұрап жүгіндім. Ол біздің мәселеге ерекше көңіл бөлді. Полицейлер құқық бұзушыларға тез арада шара қолданды. Қазір бізде қауіпсіз және тыныш. Алғысымызды білдіреміз", – деді Алматы тұрғыны.
Бостандық аудандық полиция басқармасы хабарлағандай, пәтер жалдаушылар жауапкершілікке тартылып, көршілерінің тыныштығын бұзбауға уәде берді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:51, 22 қараша 2024
«Бауырына салу» фильмі тағы бір халықаралық марапатқа ие болды
-
18:36, 22 қараша 2024
Тоқаев ұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша заңға қол қойды
-
18:32, 22 қараша 2024
Абай облысында қазандық жарылды: полиция тергеу жүргізіп жатыр
-
18:13, 22 қараша 2024
Астанада құрылыс салушыларға қатысты 16 қылмыстық іс тергеліп жатыр
-
17:51, 22 қараша 2024
Алматы облысында кәсіпкер колонияға тыйым салынған заттарды кіргізбек болды