Алматыда отбасылық жанжал адам өлімімен аяқталды

09:33, 7 шілде 2026

© Фото: Zakon.kz

Алматыда отбасылық жанжал қайғылы оқиғамен аяқталды. Түнгі сағат үштер шамасында "102" арнасына Алмалы ауданындағы Брусиловский көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінде пышақ жарақатын алған адам туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері мен жедел медициналық жәрдем бригадасы жетті. Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, 59 жастағы ер адам алған көптеген пышақ жарақаты мен көп қан жоғалтудың салдарынан көз жұмды.

Алмалы аудандық полиция қызметкерлері күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ол марқұмның 34 жастағы өгей ұлы болып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, отбасылық жанжал кезінде ол ер адамға асүй пышағымен бірнеше рет соққы жасаған.

Күдіктінің айтуынша, жанжал анасына қатысты туындаған кикілжіңнен кейін басталған. Аталған жайттардың барлығы сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жан-жақты тексеріледі.

"Аталған дерек бойынша адам өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде".Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі

Бұған дейін Алматыда 19 жастағы қыздың үстіне ағаш құлап, комаға түскенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!