Алматыда №131 маршрут автобусының жүргізушісі рейс кезінде көз жұмды
© Фото: пресс-служба акимата Алматы
2026 жылғы 22 маусымда Алматыда автобус жүргізушісінің жағдайы нашарлап, жол-көлік оқиғасына түсіп, оқиға орнында қайтыс болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Жетісу ауданында болған.
"№131 маршрут автобусының жүргізушісі Жангелдин көшесімен оңтүстік бағытта қозғалып келе жатып, Mercedes және Toyota көліктерімен соқтығысқан. Алдын ала дерек бойынша, қозғалыс кезінде жүргізушінің жағдайы күрт нашарлап, ол көлікті басқара алмай қалған. Өкінішке қарай, жүргізуші көз жұмды", – делінген хабарламада.
Оқиға бойынша тиісті сараптама тағайындалды. Қазір мән-жайы мен нақты себептері анықталып жатыр.
Айта кетейік, биылғы жылдың басында Алматыда №92 маршрут автобусының жүргізушісі де жүрек талмасынан көз жұмған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:54, 22 маусым 2026
Брестте Ұлы Отан соғысының басталғанына 85 жыл толуына арналған парламентарийлер форумы өтті
-
17:42, 22 маусым 2026
«Маяктың» орнына SMS келеді: Қазақстанда байланыс тәртібіне өзгерістер енгізілді
-
17:35, 22 маусым 2026
Соңғы алты күнде «Семей орманында» 15 өрт ошағы анықталған
-
17:14, 22 маусым 2026
Қазақстан алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатын қабылдайды
-
16:56, 22 маусым 2026
Қазақстан футбол құрамасында күтпеген өзгеріс: бас бапкер отставкаға кетті





