Алматыда құрылыс компаниясының жұмысшылары жалақысын ала алмай жүр
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматыда жүздеген құрылысшы маңдай тер ақысын даулап жүр. Мердігер компания алты айдан бері олардың атқарған қызметіне ақы төлемеген. Арада келісімшарт бар. Бүгінге дейін құрғақ уәдеге сеніп келген жұмысшылар енді сол құжат бойынша құзырлы органдарға арызданбақ, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Адал еңбегіміздің ақысын алмадық" деген қызметкерлер Қонаев атындағы үлкен Алматы каналының құрылысын істеген. Бірақ еңбегі бағаланбай, алты айдан бері бір тиын ала алмаған. Мердігерлер құрғақ уәдеге бүгінге дейін тойдырып келген. Шыдамы таусылған жұмысшылар кімнен көмек сұрайтынын білмей, әділдік іздейді.
КТК телеарнасының дерегіне сүйенсек, жалақысын даулап жүргендердің саны жүзден асады. Арасында еліміздің өзге өңірінен келген азаматтар да бар. Бәрінің қолында істеген ісін дәлелдейтін қағаздары тұр. "СТ Сервис" деп аталатын компания әрқайсысына екі миллион мен жеті миллион теңгедей қарыз.
Еңбек инспекциясы бұл түйіткүлден бейхабар. Құзырлы мекеме алдағы уақытта компанияға тексеріс жүргізіп, мәселенің мән-жайын анықтамақ. Ал әзірге жұмыс берушілер алдағы наурыз айының аяғына дейін шығынды толық өтейміз деп уәде етіпті.
"Бұл жұмыскерлерге біздің департаментке арыз-шағым түсіруге кеңес берілді. Арыз-шағым түскен күннен бастап, біз біз тексеру жүргізіп, заң бұзылғаны анықталған жағдайда тиісті шара қолданылады. Сонымен қатар жұмыс берушімен сөйлескенімізде, ол кісіәлер наурыз айының 20-на дейін еңбекақы қарызын толық төлеп береміз деп уәде берді". Алмат Қалдыбаев, Алматы қаласы еңбек инспекцясы департаментінің бөлім басшысы
Жұмысшылардың бұл ұсынысқа келіспеуден басқа амалы жоқ. Ал төлемге келгенде сараңдық танытқан "СТ Сервис" компаниясының кемшілігі дәлелденсе, онда айыппұл салынады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:36, 26 ақпан 2026
Маңғыстау облысы ПД бастығы мен дәрігер ұшақта шетел азаматын аман алып қалды
-
10:28, 26 ақпан 2026
Кредиттік төлемдер бойынша кейінге қалдыру мыңнан астам сарбазға уақытылы жүргізілмеген
-
10:16, 26 ақпан 2026
Алматыда ауыл шаруашылығы жануарларын тегін вакцинациялау басталды
-
10:07, 26 ақпан 2026
Қызылордада 10 жасар бала үш жылдан бері ұйқысыздықпен күресіп келеді
-
09:56, 26 ақпан 2026
Петропавлда 15 жастағы оқушы мектепке «шабуылдамақ» болған





