Алматыда күн қашан суытады

18:23, 20 қараша 2026
MKZ: 1578919

© Фото: zakon.kz

Алматыда қараша айының соңына тән емес жылы ауа райы орнады. Алдағы күндері ауа температурасы +17°C-қа дейін көтеріледі. Мұндай жылылық қанша уақыт сақталады және қалада күн қашан суытады? Бұл сұраққа Zakon.kz тілшісіне синоптиктер жауап берді.

"Қазгидромет" РМК Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Гүлтансұлық Медеуованың айтуынша, апта бойы ауа райы салыстырмалы түрде жылы болады. Алайда аптаның соңына қарай ауа температурасы төмендейді.

"21-23 қараша аралығында Алматыда күн құбылмалы болады, жауын-шашын жаумайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы +4...+7°C, күндіз +14...+17°C болады. 24-25 қарашада жаңбыр жауып, кей жерлерде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан батысқа ауысып, екпіні секундына 12 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +3...+9°C, күндіз +11...+17°C болады. 26 қарашада жауын-шашын тоқтап, күн құбылмалы болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күн соңында секундына 13 метрге жетеді. Түнде +5...+7°C, күндіз +15...+17°C болады", – деді синоптик.

Ал жұма, 27 қарашада ара-тұра жаңбыр жауады. Батыстан соғатын желдің екпіні секундына 12 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +4...+6°C, күндіз +8...+10°C-қа дейін төмендейді, деп қорытындылады Гидрометеорология орталығының өкілі.

Осылайша, аптаның соңына қарай Алматыда күн суыта бастайды.

Алматы қаласы бойынша 2026 жылғы 21-27 қарашаға арналған ауа райы болжамы

21 қараша: күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Түнде ауа температурасы +4...+6°C, күндіз +14...+16°C.

22-23 қараша: күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Түнде ауа температурасы +5...+7°C, күндіз +15...+17°C.

24 қараша: күн бұлтты. Таңертең және күндіз жаңбыр жауады, кешке тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, күндіз екпіні 12 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы +7...+9°C, күндіз +15...+17°C.

25 қараша: күн құбылмалы. Түнде жаңбыр жауып, тұман түседі. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Түнде ауа температурасы +3...+5°C, күндіз +11...+13°C.

26 қараша: күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, күн соңында екпіні 13 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы +5...+7°C, күндіз +15...+17°C.

27 қараша: күн бұлтты, ара-тұра жаңбыр жауады. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, екпіні 12 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы +4...+6°C, күндіз +8...+10°C.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!