Алматыда көлік сатумен айналысып жүрген алаяқ ұсталды

14:17, 15 наурыз 2018

Алматыда бірқатар алаяқтық қылмыс жасады деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бостандық ауданы ІІБ хабарлағандай, 33 жастағы Микаэл Шагитов біреулерге қомақты қаржыға автокөлікті сатып беруге көмектесетінін айтқан. Басқаларға ломбардтардан нарықтағыдан арзан бағамен алып берем деп алдаған. Осылайша өзгелердің көлігін иемденіп алып өз мақсатына пайдаланған.

"Қазіргі уақытта біздің бөлімшенің тергеу бөлімінде азамат Шағитовқа 5 адам шағымданды. Біз тергеу барысында күдіктінің қылмыстық әрекеттерінің басқа да құрбандары болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Қазір ол қамауда. Шагитов барлығы 21 млн теңге көлемінде шығын келтірді деген күдік бар. Ол мұның алдында осы тектес қылмыс жасағаны үшін істі болған екен. Бұл адамның әрекетінен жапа шеккен адамдар болса, 254-47-00, 254-47-01, 254-47-02 телефондарына хабарласуын сұраймыз», - деді Бостандық аудандық ІІБ басшысы подполковник Дәурен Өтебаев.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!