Алматыда көлік айналарын ұрлаумен айналысқан күдікті қамауға алынды

18:08, 12 наурыз 2026

© Сурет: видео скрині

Алматының Алатау ауданы полиция қызметкерлері автокөліктердің бүйір айналарын ұрлады деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін басқарманың кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз түскен. Оның айтуынша, бейтаныс адам Зерделі шағын ауданы аумағындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында тұрған Toyota Land Cruiser автокөлігінің бүйір айналарын жасырын түрде ұрлап кеткен.

Келтірілген материалдық шығын көлемі – шамамен бір миллион теңге.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 36 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол өз кінәсін мойындап, түсініктеме берді.

"Сонымен қатар ұрланған бүйір айналар тәркіленіп, іс бойынша заттай дәлелдеме ретінде танылды. Тергеу барысында күдіктінің қала аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр", – деді Алатау аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің бастығы Дәурен Керімбаев.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!