Алматыда қар жауып, күн суытады, Астана мен Шымкентте жаңбыр жауады: үш күнге арналған ауа райы болжамы

15:36, 25 қараша 2026
MKZ: 1579686

© Фото: akorda.kz

Алдағы үш күнде Алматыда жаңбыр аралас қар жауып, ауа температурасы +3°С-қа дейін төмендейді. Астанада жаңбыр соңы қарға ұласып, бұрқасын мен көктайғақ болады. Шымкентте де жаңбыр жауып, күн күрт суытады.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі Zakon.kz-ке ұсынған 2026 жылғы 26, 27 және 28 қарашаға арналған ауа райы болжамында айтылған.

Астанадағы ауа райы болжамы

26 қараша: көшпелі бұлт шығады, күндіз жауын-шашын (көбіне жаңбыр) жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысады. Желдің жылдамдығы түнде 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде -1...+1°С, күндіз +6...+8°С болады.

27 қараша: күн бұлтты, мезгіл-мезгіл жауын-шашын (көбіне қар) жауады, жаяу бұрқасын мен көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кейде 23 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз 0...-2°С болады.

28 қараша: күн бұлтты, мезгіл-мезгіл қар жауады, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде де, күндіз де -3...-5°С шамасында болады.

Алматыдағы ауа райы болжамы

26 қараша: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысады. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +5...+7°С, күндіз +15...+17°С болады.

27 қараша: көшпелі бұлт шығып, мезгіл-мезгіл жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 13 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде де, күндіз де +5...+7°С шамасында болады.

28 қараша: көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр мен қар жауады. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +3...+5°С, күндіз +6...+8°С болады.

Шымкенттегі ауа райы болжамы

26 қараша: көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысады. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с, күндіз кейде 23 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +12...+14°С, күндіз +22...+24°С болады.

27 қараша: көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +4...+6°С, күндіз +8...+10°С болады.

28 қараша: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +3...+5°С, күндіз +8...+10°С болады.

Бұған дейін синоптиктер 2026 жылғы 26-28 қараша аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс циклоны мен оған байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болатынын хабарлаған еді. Соның салдарынан еліміздің барлық дерлік өңірінде ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр мен қар жауады деп болжанып отыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!