Алматыда қала күніне орай қандай шаралар өтеді
© Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алматы әкімдігі биыл қала күні қалай тойланатыны туралы айтты. Мегаполисте жәрмеңке, концерт, шоу, фестиваль және тағы басқа дәстүрлі іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды, Zakon.kz.
Жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде Алматыда қала күні тойланады. Биыл мереке осы демалыс күндері өтеді. 16-18 қыркүйек аралығында қала тұрғындары мен қонақтары дәстүрлі іс-шараларды көре алады.
16 қыркүйек
«Алатау» дәстүрлі өнер театрында сағат 15.00-де республикалық ақындар айтысы болады.
«Медеу» БСК-де сағат 16.00-де Medeu Party халықаралық стрит-арт фестивалі өтеді.
17 қыркүйек
«Астана» алаңында сағат 17.00-де «Gakku дауысы» заманауи қазақстандық музыка фестивалі болады.
Қаланың барлық ауданында мерекелік концерттер өтеді.
Абай атындағы ҚҰОБТ алдындағы алаңында 17-18 қыркүйек күні сағат 11.00-ден бастап 1940-шы жылдардан бастап қазіргі күнге дейінгі қаланың мәдени-тарихи дәуіріне арналған «Сүйемін сені, Алматы» фестивалі ұйымдастырылады.
18 қыркүйек
Тұңғыш Президент саябағында сағат 11.00-де «Алма fest» негізгі мерекелік іс-шарасы өтеді. Бұл жерде алма жәрмеңкесі, концерттер және т.б. болады.
Almaty Arena мұз айдыны кешенінде сағат 18.00-де Salem Almaty концерті өтеді.
«Астана» алаңында сағат 19.00-де Zhuldyzdy Live концерті өтеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





