Алматыда ірі жол апатынан үш адам қаза тапты

10:47, 21 наурыз 2026

© Фото: zakon.kz

Алматыда қарсы бағытқа шығып кеткен көлік жантүршігерлік жол апатына себеп болды. 2026 жылғы 21 наурызда түнде мегаполисте, әл-Фараби даңғылы бойында трагедия орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласының әкімшілік полиция басқармасының кезекші бөлімі хабарлағандай, жол апаты 21 наурыз күні сағат 03:30 шамасында Медеу ауданында болған.

"Zeekr маркалы автокөліктің жүргізушісі әл-Фараби көшесі бойымен батыс бағытта келе жатып, Мендікұлов көшесімен қиылыста қарсы бағытқа шығып, сол бағытта келе жатқан Mercedes маркалы көлікпен соқтығысты. Жол апаты салдарынан Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушы сол жерде көз жұмды", – деп хабарлады Алматы полициясы.

Zeekr жүргізушісі дене жарақатымен қалалық ауруханаға жеткізілді.

Алматы полициясының мәліметінше, үш адамның өліміне себеп болған жол апаты бойынша қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары әлі жалғасуда.

Еске сала кетейік, кеше әл-Фараби даңғылы бойында орналасқан жаяу жүргіншілер көпірінен адам құлап қаза тапқаны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!