Алматыда ірі есірткі зертханасынан 15 келі дайын мефедрон табылды
© Сурет: Zakon.kz
2024 жылдың 22 қазанында Алматы қалалық прокуратурасының үйлестіруімен ірі есірткі зертханасы сәтті жойылды. Операция барысында қылмыстық кәсіпорынының ұйымдастырушысы ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Зертхананы тінту кезінде 3 полиэтилен пакетке оралған 15 келі дайын мефедрон, әрқайсысы 30 литрлік 36 канистр, 10 литрлік 4 канистр, бес литрлік 5 шелек, 8 литрлік сұйықтық сақталған пластик бөтелкелер, сондай-ақ сору жүйесі бар моншасы, оның ішінде реагенттерді араластыру үшін қолданылатын 150 литрлік бөшке, электронды таразы, тыныс алу маскалары, араластыруға бейімделген бұрағыш, 8 пластикалық науалар табылып тәркіленді.
"Тәркіленген барлық құрал-жабдықтар мен заттар сараптамаға жіберілді. Зертхананы ұйымдастырушы уақытша ұстау изоляторына қамалды". Алматы қаласының прокуратурасы
Айта кетсек, 2024 жылы Алматы қаласының прокуратурасы құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, қалада белсенді жұмыс істеп тұрған 22 наркологиялық зертхананың жолын кесті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:07, 23 қазан 2024
Бектенов Республика күні қарсаңында Президент атынан мемлекеттік наградаларды табыс етті
-
19:53, 23 қазан 2024
Республика күні қарсаңында бірқатар қоғам қайраткері мемлекеттік наградалармен марапатталды
-
19:47, 23 қазан 2024
Жамбыл облысында Республика күніне орай бірнеше нысан пайдалануға берілді
-
19:27, 23 қазан 2024
Депутат ресми органдардан «билер» атын жамылған ұйымдардың жұмысын тексеруді сұрады
-
19:05, 23 қазан 2024
Тоқаев жұмыс сапарымен Қазан қаласына келіп жетті