Алматыда ғылыми-зерттеу институты ашылады

17:07, 7 сәуір 2026

© Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Алматы – Шанхай" бизнес форумы аясында тау-кен өнеркәсібіне арналған ғылыми-зерттеу институтын құру бастамасы ұсынылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, жобаның инвесторы — қытайлық Beijing Fuxing Yihua Technology Co., Ltd компаниясы.

Жаңа институт минералды шикізатты зерттеу, байыту үдерістерін жобалау және заманауи металлургиялық технологияны дамыту бағытында жұмыс істейді.

Компания өкілдерінің айтуынша, Алматының таңдалуы өңірдің жоғары нарықтық әлеуетімен және жаңа ғылыми-технологиялық шешімдерге сұраныстың артуымен байланысты.


"Институт сараптамалық зерттеулердің жетіспеушілігін азайтып, экономиканың негізгі салаларының біріне озық технологияларды енгізуге ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!