Алматыда гранатамен жүрген ер адам ұсталды
© Фото: Zakon.kz
Алматыда Райымбек даңғылында күдік тудырған ер адамды полиция қызметкерлері ұстады. Оның жанынан пышақ пен гранатаға ұқсас зат табылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы полиция департаментінің 2026 жылғы 14 маусымдағы мәліметінше, полиция қызметкерлері күмәнді әрекетімен көзге түскен ер адамды тоқтатып, тексерген.
"Тексеру барысында оның барсеткасының ішінен пышақ пен сыртқы түрі гранатаға ұқсас зат табылды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен сапер мамандар шақырылды. Тексеру нәтижесінде тәркіленген заттың оқу-жаттығу гранатасы екені және ешқандай қауіп төндірмейтіні анықталды", – деп хабарлады полиция.
Ұсталған азаматтың айтуынша, ол бұл заттарды бұрын тауып алған, ал пышақты тұрмыстық қажеттілік үшін өзімен бірге алып жүрген. Аталған мәліметтердің рас не өтірігі тексеріліп жатыр.
Сондай-ақ ер адамның бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.
"Алматы полициясы азаматтарды өздерімен бірге қауіп төндіруі мүмкін заттарды алып жүрмеуге және қару-жараққа немесе оқ-дәріге ұқсас күмәнді заттарды тапқан жағдайда бірден 102 нөміріне хабарлауға шақырады", – делінген хабарламада.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:01, 14 маусым 2026
Филиппиндегі жер сілкінісінен кейін теңіз түбі екі метрге көтерілді
-
16:45, 14 маусым 2026
15 маусымда қай өңірлерде аптап ыстық болады
-
16:15, 14 маусым 2026
Дүйсенбіде қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
15:39, 14 маусым 2026
AMANAT мүшелері «Әділет» партиясына қалай өтеді
-
14:47, 14 маусым 2026
Сидней жағажайында акула әйелге шабуыл жасады: оны сапбордшы құтқарып қалды





