Филиппиндегі жер сілкінісінен кейін теңіз түбі екі метрге көтерілді
© Фото: wikimedia/Petr Brož (Czech Academy of Science)
Филиппиннің оңтүстігінде магнитудасы 7,8 болған жойқын жер сілкінісінен кейін кейбір аудандарда теңіз түбі шамамен екі метрге көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осының салдарынан жағалау сызығы кей жерлерде 200 метрге дейін ұлғайып, маржан рифтері мен теңіз шөптерінің алқаптары су бетіне шығып қалған. Бұл туралы The Guardian басылымы жазды.
Мамандар Сарангани және Давао-Оксиденталь провинцияларында теңіз түбінің үлкен аумақтары ашылып қалғанын тіркеді. Жарияланған суреттерден қырылған балықтар мен теңізде тіршілік ететін басқа да ағзаларды көруге болады.
Қоршаған орта министрлігінің мәліметінше, маржандар, теңіз шөптері және оларды мекендейтін балықтар, жыланбалықтар, ұлулар мен өзге де теңіз жануарлары жаппай қырыла бастаған. Өзгерістерді алғаш болып жергілікті тұрғындар байқап, шіріп жатқан теңіз жануарларынан жағымсыз иіс шығуы мүмкін деп қауіптеніп, билікке хабарлаған.
2026 жылғы 8 маусымға қараған түні Филиппиндегі Минданао аралының оңтүстік жағалауында магнитудасы 7,8 болатын жойқын жер сілкінісі болды.
Биліктің мәліметінше, табиғи апат салдарынан кемінде 61 адам қаза тауып, тағы 40-қа жуық адам із-түзсіз жоғалып кеткен.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:45, 14 маусым 2026
Қытайдағы әлем кубогы кезеңі: қазақстандық боксшылар турнирді кімдерге қарсы бастайды
-
16:45, 14 маусым 2026
15 маусымда қай өңірлерде аптап ыстық болады
-
16:15, 14 маусым 2026
Дүйсенбіде қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
15:39, 14 маусым 2026
AMANAT мүшелері «Әділет» партиясына қалай өтеді
-
15:15, 14 маусым 2026
Алматыда гранатамен жүрген ер адам ұсталды





