Алматыда Горкий атындағы саябақта қыз биіктен секіріп, мерт болды

18:02, 24 маусым 2024

© Сурет: pexels

Алматыда Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында қыз "биіктен шолу" (колесо обозрения) аттракционынан секіріп кетіп, мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Денсаулық сақтау басқармасы қайғылы оқиғаны растап, жедел жәрдем келгенге дейін қыздың жан тапсырғанын атап өтті.

Полиция да қайғылы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оған не түрткі, сондай-ақ басқа да мән-жайлар анықталып жатыр". Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі

Айта кетсек, әлеуметтік желіде марқұмның Алматы облысы, Іле ауданындағы үйінде өз баласын тұншықтырып өлтіргені туралы ақпарат тарауда. Содан кейін ғана ол саябаққа бет алған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!