Алматыда есірткіні жарнамалаған азамат ұсталды
© Фото: Zakon.kz
Алматы қаласының полицейлері 33 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
Бөгенбай батыр мен Чокин көшелерінің қиылысында ер адам ғимараттың қасбеттеріне есірткі жарнамасын салған.
"Кешке қарай қаскөй есірткі жазуы бар трафаретпен және басқа да көркем құрал-жабдықтармен қаруланып, үйлердің ауласына қарай бет алды. Оның қасында серігі болды. Осылайша жастар өздеріне назар аудартпаймыз деп ойлады. Алайда олар ұсталды. Қыздың рөлі тергеу барысында анықталатын болады. Күдікті қамауға алынды. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аналогтарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деді Алмалы аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Мақсат Пшан.
Күдікті бұрын есірткі қылмысы үшін сотты болған. Қазіргі уақытта, оның жұмыс берушілері анықталуда, жедел шаралар қолданылып жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:51, 7 қазан 2024
Полицейлер арпа тиелген жүк көлігінің жүргізушісіне көмектесті
-
13:39, 7 қазан 2024
Қазақстанда 22,7 млн тоннадан астам астық бастырылды
-
13:24, 7 қазан 2024
43 миллион теңгеге жуық жалған ақша айналымнан алынды
-
13:10, 7 қазан 2024
Елордалық азаматты тонаған ер адам құрықталды
-
12:56, 7 қазан 2024
Алматының екі ауданында суық су өшіріледі