Алматының екі ауданында суық су өшіріледі

12:56, 7 қазан 2024

© Фото: pexels

Алматыда технологиялық жабдықтарды ауыстыру бойынша жоспарлы профилактикалық жұмыстарға байланысты Әуезов және Алмалы аудандарында су өшіріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алматы су" хабарлауынша,

8 қазанда сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін Әуезов ауданында Фурката көшесі – Райымбек даңғылы төңірегінде орналасқан, Үлкен Алматы – Төле би көшесі, Тастақ — 1 шағын ауданы, No 1-10 тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарды сумен қамтуға шектеу енгізіледі;

10 қазан сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін – Алмалы ауданындағы Төле би – Тілендиев – Құлымбетова – Волховская, Төле би көшесіндегі No 278,280, 282, 284 тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға су жеткізуге уақытша шектеулер енгізілді.

"Жоспарланған жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аталған қала секторларында суық сумен жабдықтауға уақытша шектеулер енгізу қажет. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз", — деп жазылған "Алматы су" таратқан ресми ақпартта.

Бүгін, 7 қазанда әкімдікте "Таза Қазақстан" бағдарламасы мен абаттандырудың жаңа ережелері аясында Алматыда қала нысандарын паспорттау жұмыстары басталғанын хабарлады. Бұл шара қала тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы, қауіпсіз және экологиялық таза орта құру стратегиясының бір бөлігі болып табылады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!