Полицейлер арпа тиелген жүк көлігінің жүргізушісіне көмектесті

13:51, 7 қазан 2024

© Фото: Zakon.kz

СҚО-да полицейлер арпа тиелген жүк көлігінің жүргізушісіне көмектесті

4 қазан күні сағат 18:40 шамасында Жезқазған – Петропавл автожолының 862-шақырымындағы Есіл ауданы Петровка ауылының маңында КамАЗ жүк көлігінің арпа тиелген тіркемесінен ақау шыққан. Ақау салдарынан тіркеме аударылып, ішіндегінің барлығы жол үстіне төгілген.

"ҚазАвтоЖол" АҚ жұмысшылары арпаны жинап жатқан уақытта СҚО ПД патрульдлік полиция батальонының қызметкерлері жол қозғалысының қауіпсіздігін қадағалады.

"Жол үстіне төгілген астық көліктің жүруін қиындатты. Көктайғақтан да жаман. Осы уақытта көлік қозғалысы да көбейіп кетті. Біздің міндетіміз – аталған учаскеде жол-көлік оқиғасын болдырмау болды", – дейді оқиға орнында жұмыс істеген сақшылардың бірі – Ақылбек Бірімжанов.

Ақылбек Бірімжанов үш сағаттай көлік қозғалысын реттеген. Жол-көлік оқиғаларына жол берілмеді. Келесі күні таңертең КамАЗ көлігінің 49 жастағы жүргізушісі жолға шықты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!