Алматыда есірткі сатушы әйел ұсталды
© Фото: pexels
Алматыда арнайы іс-шараның нәтижесінде полиция қызметкерлері ҰҚКД жергілікті қызметкерлерінің көмегімен синтетикалық психотроптық заттарды бірнеше рет сатты деген күдікпен 30 жастағы әйелді ұстады.
Күдіктіні жеке тінту барысында құрамында ерекше иісі бар, ақ түсті ұнтақ зат салынған 44 байлам табылып, тәркіленді.
Ал ұсталған азаматшаның көлігінен есірткіні орау және бөлшек саудада сатуға арналған құрал-жабдықтар табылды.
Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар кокаин және мефедрон болып шықты. Жалпы салмағы шамамен 400 грамм.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Медеу аудандық полиция басқармасы есірткі сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:50, 16 сәуір 2026
Қазақстандық таеквондошы жастар арасындағы әлем чемпионатында қола медальға ие болды
-
19:34, 16 сәуір 2026
Жаңбыр, найзағай, дауыл: 17 сәуірде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
19:15, 16 сәуір 2026
Астанада биыл 50 мыңнан астам жүргізуші тұрақ ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды
-
19:10, 16 сәуір 2026
Мәжіліс төрағасы: Қазіргі алмағайып кезеңде парламенттік дипломатияның рөлі арта түсуде
-
18:52, 16 сәуір 2026
Шымкент тұрғыны үйінің жертөлесінде марихуана өсірген





