Алматыда ер адам сатқан көлігін өзі ұрлап кеткен
© Сурет: polisia.kz
Алматы қаласының криминалдық полиция қызметкерлері жол талғамайтын автокөліктің ұрлану дерегін ашты. Қылмыс мұқият жоспарланғанымен, полицейлердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында күдікті анықталып, қолға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, көліктің бұрынғы иесі, 1982 жылы туған азамат, үш жыл бұрын автокөлігін сатқан, алайда қосалқы кілтін өзінде алып қалған. Кейін ол жеке пайданы көздеп, көліктің қазіргі тұрған орнын анықтап, қосалқы кілт арқылы ұрлық жасаған.
Қылмыс ізін жасыру үшін күдікті алдын ала дайындалған: бетперде, ауыстыратын киім сатып алып, ұрлықтан кейін сырт келбетін өзгертіп, бейнебақылау камераларына түсіп қалмауға тырысқан. Ұрланған көлік қаланың шетіне жасырылған, кейіннен оны полиция қызметкерлері тапты.
"Қылмыс қаншалықты мұқият жоспарланса да, жауапкершіліктен құтылу мүмкін емес. Заңды бұзған әрбір адам оның жазасыз қалмайтынын білуі керек. Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ол өз кінәсін мойындап, жауап беріп жатыр. Автокөлік тәркіленді", - деді, Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:02, 17 шілде 2026
Венгриядағы турнир: Алтын Шагаева әйелдер күресінен қола медаль үшін таласады
-
18:53, 17 шілде 2026
ШҚО тұрғыны 6,6 млн теңгеге жүргізуші куәлігін сатып алуға болады деп сенген
-
18:43, 17 шілде 2026
Көлік министрлігі аптап ыстықта асфальт жол жабындыларының неге деформацияға ұшырайтынын айтты
-
18:27, 17 шілде 2026
Астана тұрғыны СОБР қызметкерлері өзін аяусыз соққыға жыққанын айтып шағымданды
-
18:04, 17 шілде 2026
Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Көбейтұз көліне ерекше қорғалатын аумақ мәртебесі беріледі





