Алматыда электр қуаты сөніп қалды: апатты бригадалар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

19:56, 28 наурыз 2024

© Сурет: pixabay

Алматыда ауа райының нашарлауына байланысты электр қуатында, оның ішінде сыртқы жарықтандыру желілерінде ақау болуы мүмкін. "Алматы қала жарық" және "Алатау жарық компаниясының" апатты бригадалары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әкімдігі кезекші бригадалар барлық өтінішке жедел ден қоятынын және ақауларды тез арада жою үшін жұмыс істейтінін хабарлады.

"Барлық ақау туралы ақпаратты "АЖК" АҚ ресми сайтынан ( www.azhk.kz) алуға болады. Электрмен жабдықтаудың үзілу себептеріне қатысты ақпаратты жедел ұсыну мақсатында "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС байланыс орталығына, 356-99-99 телефоны бойынша хабарласуды ұсынамыз. Сыртқы ажыратулар болған жағдайда: 8771-718-24-39, 8771-718-24-56, 390-20-40, 390-20-60 ("Алматы қала жарық"). Алматы әкімдігі

Диспетчерлік пункттер тәулік бойы жұмыс істейді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!