Алматыда электр энергиясы жаппай өшсе, жылу жүйесі не болады

12:00, 14 қыркүйек 2026
MKZ: 1566689

© Фото: pexels

"Алматыжылукоммунэнерго" ЖШС бас инженерінің орынбасары Жақсылық Талдыбаев қалада электр энергиясы қайтадан жаппай өшкен жағдайда жылу жүйесі қалай жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спикерден қаладағы қазандықтардың электр энергиясымен жұмыс істейтініне байланысты олардың жуырда болған жаппай жарық өшуі секілді төтенше жағдайларға дайындығы және Алматының жылусыз қалу қаупі бар-жоғы сұралды.


"Алматыжылукоммунэнергоның" барлық негізгі қазандығында дизельді генераторлар бар. Электр энергиясын беруде қандай да бір іркіліс болса, дизельді генераторларды пайдаланамыз", – деді Жақсылық Талдыбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

14 тамызда күндіз Алматы мен Алматы облысында электр энергиясы жаппай өшкен еді. Кейін еліміздің сегіз облысы жарықсыз қалғаны белгілі болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!