Алматыда демалыс күндері өтетін жәрмеңкелерге апта сайын келушілер саны 45 000 адамға дейін өсті
© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Демалыс күндері азық-түлік тауарларын сататын жәрмеңкелерге қатысатын алматылықтар мен қала қонақтарының саны аптасына 45 000 адамға жетті.
Келушілердің 50%-ға өсуі көктемгі кезеңнің басталуымен, жаңа өнімдер ассортиментін кеңейтумен және жәрмеңке инфрақұрылымын жаңғыртумен байланысты: жаңа сауда сөрелері орнатылды, санитарлық жағдайлар жақсартылды, келушілердің қозғалысы үшін қолайлы маршруттар қалыптастырылды.
Бүгінгі күні демалыс күнгі жәрмеңкелерде Алматы мен Алматы облысының 300-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушілері мен фермерлері өз өнімдерін ұсынады. Апта сайын жәрмеңкеге қатысушылар жалпы көлемі 1000-нан астам атаулардан тұран 800 тоннаға жуық азық-түлік тауарларын-жаңа піскен ет, жұмыртқа, көкөністер, жемістер, ашытылған сүт өнімдері, шұжықтар, бал және басқа да өнімдерді сатады.
Жәрмеңкелерді "Алматы" ӘКК" АҚ ұйымдастырады. Бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру шеңберінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары жәрмеңкелерде нарықтық бағадан 15-20% төмен бағамен сатылады.
Жәрмеңкелер апта сайын сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін мына мекен-жайларда өтеді:
- Алмалы ауданы – Масанчи көшесі (Әйтеке би көшесі мен Гоголь көшесі арасы);
- Әуезов ауданы – Өтеген батыр көшесі (Абай даңғылынан төмен);
- Бостандық ауданы – Қазақфильм ы/а (әл-Фараби даңғылынан жоғары);
- Медеу ауданы – Меңдіқұлов бульвары-Бектұров көшесі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:08, 20 желтоқсан 2025
Жексенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
16:43, 20 желтоқсан 2025
Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіпкерлікпен айналысуға рұқсат етілмейді
-
16:24, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан – Жапония: атом энергиясы саласында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылды
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Аяз бен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Қатты суық пен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады





