Алматыда дауыл кезінде үстіне әйнек құлаған әйел аман қалды
© Фото: Zakon.kz
Алматыда 19 маусымда болған дауылда оқыс оқиға орын алды. Кенеттен көтерілген жел әйелдің жұмыс орнындағы нысанның әйнекті қасбетін жұлып түсіріп, әйелдің үстіне құлаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Абырой болғанда, дәл сол жерде 7-қалалық аурухананың хирургі Ғазиз Төлепбергенов болған. Дәрігер алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ауыр жарақат алған әйелдің өмірін сақтап қалды.
Сол күні дәрігер Ғазиз Төлепбергенов демалыста еді. Кешке қарай базарға келеді. Сағат алтыдан кейін сауда орны ақырындап жабылып жатқан. Азық-түлік дүкенінде жұмыс істейтін Райхан Есалиева да үйіне қайтуға ыңғайланып, сыртқа бет алады. Кенеттен дауыл соғып, ғимараттың үстіңгі шыны қабырғасы құлап түседі.
Жанұшыра шырқырай шыққан дауысты естіген Ғазиз Құнанбайұлы бірден көмекке ұмтылады. Білек тұсының сүйекке дейін кесілгенін байқайды. Сол жерде табылған орамалмен байлап қанды тоқтатады. Жедел жәрдемді бірге күтеді. Жалғыз фельдшердің келгенін көрген соң науқаспен ауруханаға ілесіп барады.
Бұған дейін Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мәлімдеме жасағаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды
-
19:57, 18 желтоқсан 2025
Қостанай облысында жабық жолда тәртіп бұзған жүргізуші жауапқа тартылды
-
19:31, 18 желтоқсан 2025
Тоқаев Қатар Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
-
19:30, 18 желтоқсан 2025
Талдықорғанда синтетикалық есірткі сақтаған Ақтөбе облысының тұрғыны ұсталды
-
19:22, 18 желтоқсан 2025
Астанадағы заңсыз техника саудасы: 600-ден астам телефон тәркіленді





